Онымен қоймай ол бүлдіршінің ата-анасынан 200 мың теңге сыйақы беруді талап етеді. Осы қылмыс бойынша іс қараған Сарысу ауданының соты бірқатар жайтты ескере келіп, айыпталушыға жеңіл жаза белгіледі. Ол енді екі жыл сынақ мерзімімен жазасын шартты түрде өтейтін болады.
Диас Маханбетов, облыстық соттың баспасөз хатшысы:
Соттың мұндай шешім қабылдауына айыпталуышының бұрын сотталмағаны және қызмет орнынан берілген жақсы мінездеме негіз болды. Сондай-ақ, жәбірленуші тарап та соттан оны қатаң жазаламауды сұрады.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ