Жамбыл облысында шенеунік субсидия қаржысын жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында шенеунік субсидия қаржысын жымқырған

08.02.2024

Жамбылда аудан басқарған атқамінер субсидияға бөлінген 210 млн теңге қаржыны қолды қылды. 70 жастағы Меркі ауданының бұрынғы әкімі алма көшеттеріне бөлінген ақшаны 7 жыл бойы жымқырған. Ол өзінің орынбасары екеуі жеміс ағаштарын дарақтарын саттық деп жалған құжаттар жасаған. Тіпті өзге облыстарға да өнім жеткіздік деп көрсеткен. Ал іс жүзінде жасаған жұмысы алған ақшасының жартысын да ақтамайды. Экс-әкім осыдан 26 жыл бұрын Меркі ауданын бір жыл басқарып, бизнес саласына ауысқан. Былтырға дейін «Меркі» тәжірибелік шаруашылық» серіктестігінің басқарма төрағасы болған. Оның әккі әрекеті екі ай бұрын әшкере болып, бас прокуратура алаяқтық бабымен іс қозғады. Қазір күдікті қамауда, ал орынбасары болған 64 жастағы азаматша үй қамаққа алынған.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу