Шетелде оқитын студенттер елдегі ЖОО-на ауыса алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелде оқитын студенттер елдегі ЖОО-на ауыса алады

13.08.2020

Пандемияға байланысты шетелде өз күшімен оқып жатқан қазақстандық студенттердің кейбірінің оқуы тоқтап қалуы мүмкін. Өйткені, кейбір университеттер қашықтан оқу форматын ұсынбай отыр. Кей елдің шекарасы жабық. Осындай қиындыққа тап болған отандастарға білім министрлігі көмек көрсетуге дайын. Олар елдегі жоғары оқу орындарына ауысып, білімін жалғастыра алады.

 Гаухар Омарбек, ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы:

Студенттер хабарласатын болса олардың әрқайсына жеке-жеке көмек көрсетілетін болады. Көбінде ондай азамттар ақылы оқитын болады. Қазақстандағы ЖОО-на ауысқан кезде олар арнайы сол ЖОО-мен келісімшартқа қол қояды, барлық сұрақтар университет пен азамат арасында реттелетін болады.  

Әсима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу