Астанада «Менің бауырым» жобасы жүзеге асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Менің бауырым» жобасы жүзеге асты

17.11.2023

«Менің бауырым». Дәл осылай деп аталатын жоба жүзеге асты. Оның қатысушылары студенттер мен мектеп оқушылары. Яғни, жоғары оқу орындарында оқитын студенттер мектеп оқушыларының құқықтық сауатын арттырып, ақыл-кеңестерін беріп, қамқорлықтарын көрсетеді.

Бүгін Оқу-ағарту мен Ғылым және жоғары білім министрлігі Астана қаласының әкімдігі осы «Менің бауырым» волонтерлік жобасын іске асыру үшін үш жақты келісімге қол қойды. Бастамаға елорданың 171 мектебіне 12 жоғарғы оқу орындарының 1300 студентінен тұратын еріктілер командаларын құру жоспарланып отыр.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Менің бауырым деп аталатын волонтерлік бағдарламаның пилоттық жоба шеңберінде Астана қаласынан бастап отырмыз. Бұл өзінің жемісін берген жағдайда бүкіл аймақтағы ЖОО студенттерін осы жұмысқа жұмылдыруды көздеп отырмыз.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу