ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Абай – рухани реформатор» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Абай – рухани реформатор»

10.08.2020

Абайтанумен айналысатын ғылыми-зерттеу орталықтар Абай академиясының төңірегіне топтасуы керек. Бұл ел Президентінің бастамасы. Бүгін ел газетіне Ұлы ақынның 175 жылдығына орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай – рухани реформатор» мақаласы жарық көрді.  Президент иісі қазаққа аты қадірлі ақынның аманаты мен қағидатын қазіргі қоғаммен ұштастырған. Азаттықтың 30 жылдығына аяқ басар тұста Абай айтқан «бес дұшпаннан» әлі арыла алмай келеміз деді. Ақынды толғандырған кейбір келеңсіздіктер қоғамда әлі бар...  

Қасым-Жомарт Тоқаев - ҚР Президенті: 

Өкінішке қарай Абай айтқан «бес дұшпаннан» толық арылып болған жоқпыз. Азаматтарымыздың арасында жалқаулық пен сөзуарлық жиі кездесетіні қынжылтады. Бұлар бұрынғыша тойқұмарлықтан тартынбай, күнделікті тынымсыз тірлікті дәріптеудің орнына, әрбір қоғамдық оқиғадан саяси астар іздейді де отырады. Абай халықты той тойлауға емес, еңбек етуге, рухани кемелденуге шақырды. Абайдың ұлағаты әлі күнге дейін маңызын да, құндылығын да жоғалтқан жоқ.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу