Қазақстанда ұлттық халық санағы келесі жылға шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ұлттық халық санағы келесі жылға шегерілді

09.08.2020

Елімізде ұлттық халық санағы бір жылға кейін шегерілді. Ұлттық Экономика министрлігінің ақпаратына сүйенсек, Үкімет 2020 жылы ұлттық санақ өткізу туралы қаулыны былтыр шығарған. Оған сәйкес, ауқымды шара биыл қазан айнда өтуі тиіс еді. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты жоспарланған жұмыс келер жылдың қазан айына ауыстырылды. Айта өтейік, халық санағын жүргізу тәртібі өзгеріссіз қалды. Қазақстандықтар арнайы мамандандырылған сайтта сауалнама толтырады. Жиналған мәліметтерді мамандар планшетке тіркеп, халық арасында жаппай сауалнама жүргізеді. Соңғы рет елдегі азаматтар санын түгелдеу 2009 жылы жүргізілген. 

Хабарламаларға жазылу