Қостанайда көпқабатты үйлердің қабырғасы Абайдың алып бейнесімен безендіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда көпқабатты үйлердің қабырғасы Абайдың алып бейнесімен безендіріліп жатыр

07.08.2020

Қостанайда көпқабатты үйлердің қабырғасы Абайдың алып бейнесімен безендіріліп жатыр.

Мұндай суреттер Абай даңғылындағы 28 үй мен Баймағанбетов көшесіндегі 162-ші үйге салынған. Бұл кескіндемелер ұлы ақынның 175 жылдығына орай қостанайлықтарға жасалған тарту. Қаржы бюджеттен бөлінген. Суретшілер өз туындыларында қазақтың біртуар перзенітінің болмысын беруге тырысқан. Алдағы уақытта орта ғасыр ойшылы Әл-Фараби, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин және екінші дүниежүзілік соғыстың батыры Сұлтан Баймағамбетовтің де бейнелерін кескіндеу жоспарда тұр.

Наталья Булатова, жарнама компаниясының директоры:

Біздің бұл туындыларымызға жұрттың көңілі түзу. Оларға ұнайды. Әлеуметтік желілерде көптеген жылы лебіздер айтылып жатыр. Еңбегіміздің тұрғындар тарапынан оң баға алуы – біз үшін ең басты жетістік.


Хабарламаларға жазылу