Оралда жалған ақпарат таратқан адам іздестірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда жалған ақпарат таратқан адам іздестірілуде

03.06.2014
Оралда жалған ақпарат таратқан адам іздестірілуде
Орал қаласында, маньяк пайда болды, деп ақпарат таратқан адам іздестірілуде. Жедел шара қала тұрғынының хабарласуынан кейін қолға алынды. Ол, оқу орнының қабырғасында жапсырылған хабарламаға қатысты алаңдаушылығын білдірген болатын. 
 
Тәртіп сақшылары мұндай хабарландырудың шаһардың бірнеше жерінде ілінгенін анықтады. Онда, елімізде бала ұрлайтын қылмыскердің әрекет ететіні, қазірдің өзінде оның қолынан біреуінің құрбан болғаны жазылған.
 
Бұған қоса, парақшада ықтимал қылмыскердің суреті көрсетілген. Әрі хабарламаны әлеуметтік желілер арқылы тарату қажеттігі ескертіліпті.
 
Күмәнді парақшаларды жинап алған полицейлер, ақпараттың шындыққа сәйкестігін тексерді.
 
Асылай Ғұбашева, облыстық ІІД баспасөз қызметкері:
Бұл ақпараттың жалған екені анықталды. Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты полиция қызметкерлері тарапынан жедел іздестіру шаралары қолданылуда.
 
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу