Оралдағы провизорлық стационар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдағы провизорлық стационар жабылды

05.08.2020

БҚО-да коронавирус жұқтырғандар санының азаюына байланысты провизорлық және жұқпалы аурулар стационарларындағы төсек-орындар саны 32 пайызға дейін қысқарған. Осыған орай бүгін туберкуллезге қарсы диспансердің провизорлық стационары жабылды. Сондай ақ облыстық ауруханадағы 148 орындық стационардағы науқастар саны 18 адамға дейін азайған.

«Өңірде ауру жұқтырғандар азайып келеді. Бір провизор жабылса, екіншісі жуырда жұмысын аяқтайды. Сондай ақ 180 кереуеттік облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы 51 пайызға ғана толған»,- Күнсұлу Ниярова, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы


Хабарламаларға жазылу