ДДСҰ Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Каролин Кларинвал Қазақстанның COVID-19 індетіне қатысты жаңа классификацияны пайдалануы туралы шешіміне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл әлем бойынша мәліметтерді жинауды стандарттау үшін өте маңызды қадам.
«Қазақстанда кешенді шараларды жүзеге асыру қадамдары коронавирусқа қатысты жағдайдың біртіндеп тұрақтануына ықпал етті. Бұл өз кезегінде азаматтық қоғамның, денсаулық сақтау қызметкерлерінің және Үкіметтің бірлескен күш-жігерін талап етті. Біз қырағылықты сақтауымыз керек. Бүгінде COVID-19-ға ДДСҰ-ның жаңа классификациясын пайдалану жөнінде Қазақстанның шешімін жоғары бағалаймыз. Бұл өз кезегінде әлем бойынша мәліметтерді жинауды стандарттау үшін өте маңызды қадам», - деді Кэролайн Кларинваль.