Шығыс Қазақстанда екі бірдей әскери қызметкер пара алып жатқан жерінен қолға түсті. Олар Қорғаныс министрлігіне қарасты Семей эксплуатациялық басқармасының басшысы мен орынбасары. Күдіктілер орындалған жұмыс актілеріне қол қою үшін кәсіпкерден 1,8 миллион теңге талап еткен және қомақты қаржыны алып жатқан сәтте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің құрығына ілікті. Қазір тергеу амалдары басталды. Кінәлары дәлелденсе, заңға сай жазаланады.
Ержан Жақып