Карантинде жұмыс істеген көңіл көтеру орындары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантинде жұмыс істеген көңіл көтеру орындары анықталды

01.08.2020

Көкшетауда карантиндік шектеулерге қарамастан жұмыс істеген көңіл көтеру орындары анықталды. Бақылау топтары 2 бар мен 1 түнгі клубтың жұмысына тосқауыл қойды. Келушілер мен қызметкерлерді қосқанда 20-дан астам адам жиналған. Тиісті хаттама толтырылып, нысанның иелеріне 230, ал келушілерге 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Ақмола облысында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын 27 топ жұмыс істеуде. 5-інші шілдеден бері 217 заңбұзушылық анықталып, 76 әкімшілік хаттама толтырылған.         

Қуан Нұрақын 

Хабарламаларға жазылу