Елордада коменданттық сағат режимін бұзған 8 кәсіпкерлік субъекті анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада коменданттық сағат режимін бұзған 8 кәсіпкерлік субъекті анықталды

17.01.2022

Елордада коменданттық сағат режимін бұзған 8 кәсіпкерлік субъекті анықталды. Дені – көңіл көтеру орындары. Олар түнгі сағат 11-ден кейін де жұмыстарын жалғастырған. Ал төтенше жағдай кезінде ережені елемегендерге жаза күшейтіледі. Сондықтан, қазір қаладағы бірнеше мекеме лицензиясынан айырылуы мүмкін. Ал сол жерде болған тұрғындар полицияға жеткізіліп, әкімшілік іс қозғалды. Бір тәулікте 177 адам режимді бұзған. Оларға қатысты процессуалдық шешімді сот қабылдайды.


Хабарламаларға жазылу