Қостанайда қылмыстық топ мемлекетке 170 млн.теңгеден астам зиян келтірген. Олардың заңсыз әрекеті экономикалық тергеу департаментінің жедел-алдын алу шарасы кезінде әшкереленді. Қылмыстық топ 3 жылдан бері кәсіпкерлік нысандардың атына жалған шот-фактуралар толтырған. Ал іс жүзінде құжатта көрсетілген бірде-бір жұмыс атқарылмаған.
Дәуренбек Әбдібек