Тамыз айында 42 500 теңге төлемі беріле ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамыз айында 42 500 теңге төлемі беріле ме?

29.07.2020
Тамыз айында 42 500 теңге төлемі беріле ме?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзарту туралы тапсырамасынан кейін тамыз айында қазақстандықтарға 42 500 теңге берілуі мүмкін бе деген сұраққа Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жауап берді.

«Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік комиссияға карантин мерзімін кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы ұзарту мәселесін қарау туралы тапсырма жүктелген болатын. Таяуда өтетін мемлекеттік комиссияның отырысында бірқатар міндет қаралып, оның ішінде халық пен экономиканы қолдау мәселесі де пысықталады. Бұл мәселе сол себепті мемлекеттік комиссияның отырысынан кейін белгілі болады», - деді министр.


Хабарламаларға жазылу