Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін өткен Үкімет отырысында қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны туралы айтты. Оның айтуынша карантин шараларының күшейтілуі коронавирус жұқтырушылар санының екі есе төмендеуіне әсер еткен.
«Стационарларда ем алушылардың саны ағымдағы жылғы шілде айының бірінші онкүндігінде 2 882 адамға өскен болса, бүгінгі күнде 1240 адамға дейін, яғни 56,9 пайызға төмендеді. Сационарлардағы төсек орынның жүктемесі осы айдын басында 78,7 пайызды құраса, бүгінгі таңда 33 пайызға дейін кеміді»,- деді Мұрат Әйтенов.