Коронавирус жұқтырған ауыр халдегі науқасты емдеуге қанша қаражат жұмсалады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус жұқтырған ауыр халдегі науқасты емдеуге қанша қаражат жұмсалады?

27.07.2020
Коронавирус жұқтырған ауыр халдегі науқасты емдеуге қанша қаражат жұмсалады?

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов коронавирус жұқтырған бір науқасты емдеуге қанша қаржы бөлінетінін айтты.

Оның айтуынша, медициналық сақтандыру қоры коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауру жағдайы жеңіл өтіп жатқан науқастардың емделуіне 292,6 мың теңге, орташа деңгейдегі науқастарға – 446,1 мың теңге, жағдайы ауыр науқастарға 1,5 миллион теңге бөлінеді. Ал жағдайы өте нашар науқастардың емделуіне қор тарапынан 1,7 миллион теңге бөлінеді.

«Коронавирустық инфекцияны диагностикалау, емдеу және оның асқынуына байланысты барлық шығынды медициналық ұйымға өтеу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры науқастардың жағдайының деңгейін ескере отырып тарифтер әзірледі», - деді Төкежанов.

Сондай-ақ, коронавирусқа қарсы күрес шараларына қордан 56,7 млрд теңге бөлініп, халыққа көмек көрсету үшін 630 мекемемен шарт жасалған.


Хабарламаларға жазылу