Кәсіпкерлер қаржыландыру мәселесін көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер қаржыландыру мәселесін көтерді

28.05.2019

Мемлекет бюджетінен бөлінетін қаржының дұрыс үлестірілмеуі бизнестің дамуына кедергі келтіріп тұр. Бүгін билік өкілдері мен кәсіпкерлердің кездесуі кезінде осы мәселе көтерілді. Кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнама берілетін субсидиялардың 50-ден астамы пайдасыз екенін көрсеткен.

Ал қажетті бағыттарға ақша жетпей қалады. Басқосу барысында бизнес өкілдері осы сияқты өздерін толғандыратын мәселелерді көтерді. Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы қордаланған проблемалар айтылды. Барлық ұсыныс-талаптар ескеріліп, министрлікке бағытталатын болды.

Нұржан Әлтаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Несие алу мәселесі өте күрделі болып тұр. Өйткені екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығына кредит бергісі келмейді. Ауыл шаруашылы саласында қауіпсіздік бар деп, ол жаққа қаражатты бергісі келмейді. Қазіргі беріп жатқан қаражаттың барлығы - ол бюджеттік қараждат. Оны «Қазагро» береді. Ол дұрыс емес. Өйткені екінші деңгейдегі банктер жұмыс істеуі керек.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу