Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев коронавирус жұқтырып, жансақтау және анестезиология бөлімшелерінде ем алып жатқан науқастар туралы ақпарат таратты.
«Олардың саны – 306 адам. Ауыр жағдайда 265 сырқат, өте ауыр жағдайдағы 41 науқас бар. Өкпені жасанды желдету аппаратына 67 адам қосылған. Ал инвазивті емес тыныс алдырту аппаратымен 133 науқас жатыр. Бұдан бөлек, 106 науқас оксигенотерапияны алып отыр», - деді Сұлтанғазиев брифингте.
Комитет төрағасы сонымен қатар осы жарты жылдықта Қазақстанда пневмониямен 98 мың адам сырқаттанғанын мәлімдеді.
«Өткен жылмен салыстырғанда өсім 50 пайыздан жоғары», - деді ол.