Дендеген дерттен қаза тапқандарды заң шығарушы орган басшылары мен министрлер де бір минут үнсіздікпен еске алды. Парламент палатарының төрағалары Мәулен Әшімбаев пен Нұрлан Нығматуллин құрбандарды үнсіз еске алып, рухына тағзым етті. Қаралы шараға Қазақстанның бас санитары, Денсаулық сақтау вице-министрлері, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі де қатысты. Бұдан бөлек, Сауда және интеграция министрі мен Ұлттық экономика министрі де осынау қаралы күнде қазақ жұртшылығымен бірге екендігін көрсетті.
Назым Қайрат