"Қазақ елінде пневмонияның қатерлі түрі тарап жатыр" деген ақпарат жалған. Оны Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеп отыр. "Беймәлім пневмония" туралы ақпар алдымен Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің сайтында шыққан. Қытай елшілігі Қазақстанда өкпе дерті қатты өршіп кеткенін хабарлап, жарты жылда пневмониядан 1772 адамның қайтыс болғанын жазған.
Фариза Мұсақызы