Дәрімен қатар дәрігер мәселесі де шешіліп жатыр. Өйткені, коронавирусты емдеуге 3000-ға жуық маман жетіспейді. Бүгін денсаулық сақтау саласының өкілдері, жеке орталық қызметкерлерін көмекке шақырды. Маман тапшылығы елордамен қатар, еліміздің 9 өңірінде сезіліп отыр. Сондай-ақ бүгінгі баспасөз брифингінде министр карантин ұзара ма деген көпті алаңдатқан сауалға да жауап берді.
Раушан Сайлауқызы