Қостанайда екі айға жететін дәрі-дәрмектің қоры бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда екі айға жететін дәрі-дәрмектің қоры бар

06.11.2020

Қостанайда екі айға жететін дәрі-дәрмектің қоры бар. Бүгін өңірге арнайы барған Үкімет басшының орынбасары Ералы Тоғжанов аймақтың коронавирустың екінші толқынына қарсы дайындығын пысықтады. Жергілікті медициналық мекемелердің жағдайын көрді. Облыстық ауруханадағы тәуліктік стационарда 600-ге жуық, күндізгі стационарда 90 орын бар. 1 млн теңгеден астам қаржыға жаңа жабдықтар алынған. Әйтсе де кадр тапшы. Ауруханаға 20 дәрігер мен 24 медбике жетіспейді. Ералы Тоғжанов сонымен қатар күніне 220 мыңнан аса медициналық маска тігетін кәсіпорынның да жұмысымен танысты.     

Дәуренбек Әбдібек


Қостанай дәрі-дәрмек қор Ералы Тоғжанов

Хабарламаларға жазылу