ДДСҰ коронавирус инфекциясы ауа арқылы жұғуы мүмкін екенін айтуда. Бірақ бұл тұжырымды әлі де зерттеп, дәлелдеу керек дейді мамандар.
«Біз COVID-19 вирусының тез таралуына ауа арқылы жұғу қаупі бар екенін қарастырып жатырмыз», - дейді ДДСҰ-ның техниалық басшысы Мария Ван Керхов.
ДДСҰ мұндай шешімді 200-ден астам ғалымның вирустың таралу жолдарын қайта қарастыру ұсынысы бойынша қабылдап отыр.
Reuters