Қазақстанда 28 мың адам пневмония диагнозымен стационарда емделіп жатыр.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиниятқызы мәлімдеді.
Олардан коронавирус инфекциясы анықталмаған.
«Бізден пневмония статистикасы туралы жиі сұрайды. Бүгін ел бойынша станционарларда ПТР нәтижес теріс пневмониямен 28 мың пациент ем алуда. Олардың 98,9%-ның жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. 330 адамның жағдайы ауыр», - деді вице-министр.