Анкарада сақтық шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкарада сақтық шаралары күшейтілді

03.07.2020

Түркияда сақтық шаралары күшеймегенімен, бірқатар шектеулер бар. Мəселен, елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мəлімдеуінше, Анкара қаласында соңғы күндері вирусжұқтырғандар саны қайтадан көбейе бастаған. Осыған байланысты Анкара əкімдігі мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалада 15 күн бойы сақтық шараларын күшейту туралы шешім шығарды. Оған сай адамдар көп шоғырланатын жиындар, атап айтқанда түрлі қоғамдық ұйымдардың жиналыстары, шерулер, алқа мəжілістері сияқты ресми жиындарға шектеу қойылды. 

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу