Еліміздегі дәріханалар екі аптада 10 миллиард теңгеден аса табыс тапқан. Алайда, бұл кәсібін адал жүргізіп отырғандардың ғана пайдасы. Басым бөлігі табысын жасырып бағуда. 3500-ден астам кәсіпкердің тек 2100-і түсімін ашық көрсеткен. 900-ге жуық дәріхана иесі бақылау кассалық аппаратын мүлде керек қылмапты. Кейбірі дәріні түбіртексіз сатса, енді бірі күнделікті түсімінің мөлшерін 5 мың теңгеден аспайды деп көрсеткен. Осылайша салықтан жалтарып отыр. Жалпы, дәрілік заттар айналымы тауарларды бақылау жүйесіне енбеген. Сондықтан ол ортадағы іскерлердің айласы жетерлік екенін айтады мамандар.
Бақылау кассалық аппаратын қолданбаған дәріхана иелеріне алдымен ескерту жасалады. Тағы қайталанса 40 мың теңгеге жуық айыппұл салынады.
Нысаналы ЫҒЫЛ