Қазақстан мен Румыния достық қарым-қатынасты дамытуға мүдделі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімдігі мен Бухарест қаласының мэриясы екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған меморандумға қол қойды. Шара онлайн форматта өтті. Құжатқа сәйкес қос тарап мәдениет, білім, туризм, спорт салаларында қарқынды жұмыс істеп, өзара тәжірибе алмасады. Румыния астанасында «Нұр-Сұлтан» саябағы ашылып, ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Абай ескерткіші орнатылған. Ал Елордада «Бухарест» аллеясы бар. Қазақ-румын қарым-қатынасы 30 жылдай уақыт аралығында үздіксіз дамып келеді. Елімізде 20 мыңнан астам румын ұлтының өкілдері тұрады.
Алла ГАБРИНА