Іле-Алатауы ұлттық паркі Алматының іргесінде орналасқандықтан, туристер көп келеді. Сондықтан оны дамыту үшін АҚШ -тың моделі таңдалды. Демек, парк аумағында алып құрылыс нысандары салынбайды. Инвесторлар құрылысы жеңіл ғимараттар ғана тұрғызбақ. Бұл бастаманы қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері де қолдады. Жоба 2020-23 жылдар аралығында жүзеге асырылып, 12 миллиард теңге инвестиция құйылады деп жоспарланған. 35 гектар аумақта 155 шақырымдай соқпақ жол, 2 кемпинг, 1 этноауыл салынады. Жобаны талқылауға қатысқан эко-белсенділер мен қоғамдық кеңес мүшелері өз ұсыныстарын ортаға салды. Олар туристер үшін қолайлы заманауи технологияларды көбірек енгізіп, төлем жүйелері толықтай автоматтандырылса деген ой айтты.
Қуан НҰРАҚЫН