Алматыда қайтыс болғандарды коронавирусқа тексеру тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қайтыс болғандарды коронавирусқа тексеру тоқтатылды

26.06.2020

Алматыда қайтыс болғандарды COVID-19-ға тексеру тоқтатылды. Қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тиісті қаулы шығарды. Бекітілген құжатта медициналық ұйымдардан басқа жерде көз жұмған азаматтардың денесіне коронавирусты анықтайтын лабораториялық талдау жүргізілмейтіні жазылған. Яғни мәйіт табылған жерге тек полиция қызметкерлері баруы тиіс. Олар өлімнің себептерін анықтайды. Сондай-ақ, медициналық мекемелерден тыс жерде адамның денесі табылған жағдайда Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұрын емханада тіркеуде болғандарға қайтыс болу туралы анықтама берілуін қадағалайды. 

Қуан НҰРАҚЫН


Хабарламаларға жазылу