27-28 маусымда Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
27-28 маусым күндері елордада тек азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 10-нан 17-ге дейін. Демалыс күндері барлық сауда орталықтары, сауда үйлер, азық-түлік және өзге де тауарлар сататын базарлар, дүкендер жұмыс істемейді.
Сондай-ақ демалыс күндері елордада қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады.
Бұдан бөлек барлық қоғамдық орындар: саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар, жағажайлар және тағы да басқа адам көп жиналатын орындар демалыс күндері жабық болады.