Елді мекеннің қақ ортасында емін-еркін жүрген жыртқышты тұрғындар видеоға түсіріп алып, полицияға хабар берген. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жабайы аңды дереу ұстап, қауіпсіз жерге жеткізді. Мамандардың айтуынша, арыстан шамамен 1-1,5 жаста және ол қолға үйретілген. Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жыртқыш аңның қайдан келгені және кімге тиесілі екендігі анықталып жатыр.
Аягөз ОРАЛБАЙ