Сенат депутаттары сайлауына 255 миллион теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаттары сайлауына 255 миллион теңге бөлінді

25.06.2020

Алдағы уақытта өтетін Сенат депутаттарының сайлауына республикалық бюджеттен 255 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Қаржы сайлау комиссиясының қызметін ұйымдастыруға, мәслихат депутаттарының іссапары және көлік шығындарына, БАҚ-та ақпарат жариялауға жұмсалады. Әр кандидатқа 450 мың теңгеден бөлінген. Айта кетейік, бүгінде Парламент сенаты депутаттығына 88 кандидат тіркелген. 1 орынға 5 адамнан келіп тұр. Ал сайлау 12 тамызға белгіленді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу