ҰБТ-ның төртінші күні: Мемлекеттік комиссия құрамынан 20 адам шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-ның төртінші күні: Мемлекеттік комиссия құрамынан 20 адам шығарылды

25.06.2020
ҰБТ-ның төртінші күні: Мемлекеттік комиссия құрамынан 20 адам шығарылды

24 маусымда тестілеуге 12 581 адам қатысады деп жоспарланған еді. Оның 96%-ы тест тапсырды.

136 талапкер ереже бұзған. 9 түлектің дене қызуы көтерілді, олар ҰБТ-ны басқа күні тапсыра алады.

Емтиханды өткізу процесін бақылаудың нашар болуына байланысты екі аймақтағы мемлекеттік комиссия құрамынан 20 адам шығарылды. Олардың орнына қоғам қайраткерлері, облыстың белсенді мұғалімдері, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері бекітілді.

Түркістан облысында орналасқан екі пунктіде (Шәуілдір ауылы, Жетісай қаласы) және Шығыс Қазақстан облысындағы екі пунктіде (Аягөз қаласы, Ақсуат ауылы) ұялы байланыс сигналдарын тежеуіштердің істен шығуына және бейнетрансляцияның өшуіне байланысты емтихандар басқа күнге ауыстырылды. Бұл пунктерде ҰБТ 27 маусымда (Аягөз қ., Ақсуат а., Шәуілдір а.) және 2 шілде күні (Жетісай қ.) өтеді.

Хабарламаларға жазылу