Елімізде жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалушылар саны 4 есеге өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалушылар саны 4 есеге өскен

24.06.2020

Иә бұл аты да заты да жаман ауру өршіп тұр қазір. Медициналық көмекке жүгінетіндердің қатары да артқан. Ал елорданың жедел-жәрдем қызметі шақыртуларға үлгермей жатырмыз деп дабыл қағуда. Соңғы күндері тұрғындар тарапынан шағым тіпті көбейген. Мүлдем келмей қойды деп наразылығын білдіріп жатқандар да бар.

Шақырту 4 есеге өскен. Түшкіріп-пысқырғанның бәрі дәрігердің қарағананын қалайды. Үрей басым халықта. Ал соның салдарынан шын мұқтаждарға жәрдем кешігіп жатыр. Кейбіріне тіпті 10 сағаттан кейін әрең жетуде. Әлгіндегідей өкпе-наздың туындауына осы себеп деп отыр мамандар.

Жедел-жәрдем желісіне сұрақпен хабарласатындар да көбейген. Ал бұл жер кеңес емес, көмек беретін орталық. Сол себептен, шұғыл көмекке мұқтаж адамдар ғана хабарласуы тиіс.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ 


Хабарламаларға жазылу