Елбасы Ауғанстан Ислам Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Ауғанстан Ислам Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

23.06.2020

Елбасы Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Ауғанстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және коронавирус сырқатынан тезірек сауығып кетуін тіледі. Тараптар өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін де талқылады. Ашраф Ғани Қазақстанның Ауғанстанға көрсетіп жатқан әлеуметтік-экономикалық қолдауын жоғары бағалайтынын айтты. Елбасы Ауғанстан көшбасшысына жылы лебіздері үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Телефон арқылы сөйлесуге Ауғанстан тарапы бастамашы болды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу