Жұқпалы індеттен сақтанудың қарапайым тәсілдері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұқпалы індеттен сақтанудың қарапайым тәсілдері

22.06.2020

Ватсап желісі арқылы келіп жатқан ем-домдардың бәріне сенудің қажеті жоқ. Тек мамандардың берген кеңесіне құлақ түру керек. Соңғы кездері әлеуметтік желі арқылы үйде ем қабылдаудың түрлі тәсілдері тарап жатыр. Бірақ, оның кейбірі пайдалы емес, зиянды болуы мүмкін.

Әуелі вирус пен тұмауды ажыратып алған дұрыс. Симптомдары ұқсайды. Ковидте көбіне жоғары температура, құрғақ жөтел болады, ал түшкіру мен мұрынның бітелуі тұмаудың белгісі. Егер тапсырған тест коронавирусты жұқтырғаныңызды нақтыласа, әрі стационарда емес, үйде ем қабылдайтын болсаңыз, онда мамандар төмендегі ем-домды қабылдауға кеңес береді. Сұйықтықты жиі ішіп, ингавирин, тамифлю, тромбоасс, қызуды түсіру үшін: парацетамол ішіп, физикалық белсенділікті шектеген жөн. Өзге аурулар болса, олардың емін қосымша жалғастыру қажет.

Бастысы - қорғануды ұмытпаған жөн. Қарапайым қағида. Тек ұдайы ескеріп жүрген абзал.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу