Ақтөбеде пневмониядан қайтыс болғандар саны 16 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде пневмониядан қайтыс болғандар саны 16 адамға жетті

21.06.2020

Бүгін Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманова облыста жедел пневмониядан қайтыс болғандар саны 16 адамға жеткенін хабарлады, облыстағы ахуалға орай «Қазір қатты қиналып отырмыз. Жағдай аh ұрасың, ауыр» деген. Мысалы, өткен тәулікте жедел жәрдемге 2 274 адам хабарласып, көмек сұраған. Ал жедел жәрдем қызметкерлерінің 34 пайызы ауырып қалған. Пневмонияның бұл түрі тез асқынып, екі күн аралығында өкпені зақымдайды. Кей жағдайларда пациентке өкпені жасанды желдету аппараты да көмектеспейтінін айтады Есенаманова.


Хабарламаларға жазылу