Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары қажетті азық-түлігі мен дəрі дəрмегін бүгіннен қалдырмай артығымен сатып алып қойғаны дұрыс. Шаһар əкімдігі халыққа осылай деп кеңес берді. Өйткені аса бір қажеттілік болмаса, үйден шықпаған жөн. Алдағы демалыс күндері елордада сауда үйлері мен базарлар, ойын-сауық орталықтары, сəн салондары мен қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтайды. Уақытша шектеулер бүгін түнгі сағат 22:00-ден басталып 22 маусымға дейін жалғасады.
Шерхан Жамбылұлы