Басты Жаңалықтар Елімізде бір күнде 350 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде бір күнде 350 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте ел бойынша 350 адамнан індет табылған. Жалпы, вирус жұқтырғандар саны 15 жарым мыңнан асты. Олардың 9 жарым мыңнан көбі жазылып шыққан. Сондай-ақ кеше ауру белгілері жоқ 683 тасымалдаушы тіркелген. Жалпы, симптомсыз науқастардың ресми саны 6 мыңнан асты. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін елімізде вирустан 88 адам көз жұмды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Бөлісу