«Самрұқ-Қазына»ҰƏҚ»АҚ ірі активтерін 3 жылда жекешелендірмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самрұқ-Қазына»ҰƏҚ»АҚ ірі активтерін 3 жылда жекешелендірмек

17.06.2020

«Самрұқ-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры ірі активтерін алдағы үш жылда жекешелендірмек. Бұл туралы компанияның басқарушы директоры мəлімдеді. Атап айтсақ, келер жылы «Қазпошта» мен «Самрұқ-энерго» стратегиялық инвесторларға сатылады. Ал 2022 жылы IPO арқылы «Қазмұнайгаз» бен «Air Astana» жекешеленеді. Компанияларға қатысты шешім экономикалық прагматизм тұрғысынан қабылданып отыр. Айта кетейік, 2016 жылдан бастап қор 137 актив бойынша жекешелендіруді аяқтады. Оның 84-і 172 миллиард теңгеге саудаланған.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу