Ұлттық деңгейде қосымша карантиндік шаралар қабылдау ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық деңгейде қосымша карантиндік шаралар қабылдау ұсынылды

17.06.2020

«Вируспен күреске қыруар қаржы бөлінсе де, Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер індетпен күресуге қауқарсыз. Шенеуніктер статистикаға ғана сүйеніп отыр. Ал іс жүзінде жағдай тіпті қиын». Мәжіліс депутаты Үкімет басшысына осындай депутаттық сауал жолдады.

Меруерт Қазбекова науқастарды ауруханаға қабылдамай жатқанына алаңдаулы. «Провизорлық орталықтар лық толы болғандықтан емдеу шаралары толық атқарылмай отыр»,-дейд ол. Медицина қызметкерлері қорғаныш құралдарымен жарым-жартылай қамтылған. Тест тапсыра алмай жүргендердің шағымында шек жоқ.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу