Нұр-Сұлтан қаласында 54 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласында 54 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

16.06.2020

Қазір баласын мемлекеттік бақшаға бере алмай жүрген ата-ана көп. Нұр-Сұлтан қаласында 54 мың бүлдіршін кезекте тұр. «Бірақ сол кезектің алға жылжуы қиын» екенін айтады жұртшылық.  

Бірақ мамандардың пікірінше, электронды кезектің тиімділігі жоғары. Тек жүйені жақсы түсініп, меңгеру керек.

Кезектің кері жылжуының тағы бір себебі бар. Әскерилер мен көпбалалы отбасының балалары, инклюзивті білім алушылар мен мүгедек бүлдіршіндер және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарды бақшаға қабылдауда жеңілдіктер қарастырылған. Соған орай, негізгі кезекте өзгерістер болады. Ертең мектепке дейінгі мекемелерге құжат қабылдау басталады.

Ата-ана бос орын жарияланысымен, оны ұстап қалуы керек. Ерте қамданған, тез қимылдаған адам ғана жолдамаға қол жеткізеді.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу