Коронавируске шалдыққан министр Біртановтың жағдайы қалай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавируске шалдыққан министр Біртановтың жағдайы қалай?

16.06.2020
Коронавируске шалдыққан министр Біртановтың жағдайы қалай?

Коронавирус жұқтырған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың міндетін орынбасары Ләззат Ақтаева атқарады. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлім етті.

«Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырып, «пневмония» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның денсаулық жағдайын орташа деп бағалап отыр», - деді Диас Ахметшәріп.

Оның хабарлауынша, министрдің міндетін уақытша орынбасары Ләззат Ақтаева атқарады.

Хабарламаларға жазылу