Алтай Көлгінов халықты топтасып жиналмауға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтай Көлгінов халықты топтасып жиналмауға шақырды

15.06.2020

Қонаққа және отбасылық мейрамдарға барудан бас тартыңыздар! Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында елордалықтарға осылай үндеу жасады. Алтай Көлгіновтың сөзінше, қауіп әлі сейілген жоқ. Сақтану қажет. Қалада бір отбасы тұтас вирусты жұқтырып алған жәйттер тіркелді. Инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізілмек. Сондай-ақ емханалар мен ауруханалар аумағында залалсыздадыру тоннельдері мен тепловизорлардың саны арттырылады. «Өкінішке қарай, індетке іліккендердің дені сақтанбайды, дер кезінде дәрігер көмегіне жүгінбейді. Сөйтіп, қауіпті кесел бүкіл шаһар аумағына тарап кету қаупі бар. Жағдай ушыға берсе, қатаң карантин режиміне оралуға мәжбүр боламыз», - деп жазады қала басшысы.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу