Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты. Мәліметке сәйкес, көрсеткішке өсу тұтыну нарығындағы, сондай-ақ, өнеркәсіптің өндіру секторларындағы сұраныстың сақталуы әсер еткен. Бұл ретте, экономиканың өсу қарқындарының бәсеңдеуі өңдеу өнеркәсібіндегі және құрылыстағы төмендеумен, сондай-ақ инвестициялық белсенділіктің бәсеңдеуімен негізделеді. Жалпы, негізгі салалардың барлығына өткен жылғы жоғары база әсерін тигізген. Ал, инфляция деңгейі былтырғыға қарағанда жақсы қалыптасты. Жыл басынан бері ол 0,5 пайызды, ал, жылдық мәнде 5,2 пайызды құрады.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Өткен жылғы жоғары базаның аясында осы жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2,5 пайызға төмендеді. Төмендеу Шымкент мұнай өңдеу зауыты және Ақсу ферроқорытпа зауытын жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстарын аяқтауымен байланысты.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.