Қазақстанда карантин шаралары күшейтіледі. Қаулы былай болды, еліміздің 3 аумағында және Байқоңыр қаласында тәртіп қатаяды. Ал Жезқазған, Қарқаралы ауданы мен Шет ауданындағы Жарық ауылында блогпосттар қайта қойылады. Ақтөбе облысында да карантин режимі күшейтілді. Көпшілік жиналатын шараларды өткізуге болмайды, барлық қоғамдық орындар қатаң тексеріледі.
Еуропалық Одақ елдерінде коронавирустан 184 мың адам қайтыс болды. Осы аптада Ангела Меркель мен Эммануэль Макрон «Еуропалық Одақ басшылары «COVID-19»-бен күресте әлсіздік танытты»- деп кінә тағып, Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула Фон Дер Ляйенге үшбу хат жолдады. Хатта, «медициналық құрал-жабдықтың тапшылығы, Одақ мемлекеттері арасында індет жұқтырғандар жайлы мәліметтерді жинау мен өңдеуде координацияны күшейту қажеттігі жазылған. Еуроодақ енді осы қателіктерден сабақ алып, пандемияның екінші толқынына мықтап дайындалуы тиіс» делінген хатқа Германия канцлері мен Франция президентінен бөлек Бельгия, Дания, Польша мен Испанияның Премьер-министрлері қол қойған. Әне керек болса, Еуропаның елеулілері қорғанар қалқан таппай қапылып жатыр. Хош, Еуропалық Одақтың штаб пәтері орналасқан Брюссельде, жалпы Бельгиядағы ахуал қандай?
Нұрсұлу ҚАСЫМ