Ауруханада жатудан бас тартқан тұрғын вирустан қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауруханада жатудан бас тартқан тұрғын вирустан қайтыс болды

12.06.2020

Павлодар облысында ауруханаға жатудан бас тартқан әйел короновирустан көз жұмды. 1961 жылы туған әйел 5 маусымда дәрігерге жүгінеді. Бірақ ауруханаға жатудан бас тартып, COVID-19-ға сынама тапсырған. Келесі күні вирус жоқ деген анықтама берілген. Ал, екі күннен кейін ыстығы қайта көтеріліп, жөтелі күшейіп, денсаулығы күрт төмендейді. Қарқынды терапиялық ем-дом жасалғанымен нәтиже болмады.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу