Нұр-Сұлтанда Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың 40 қызметкері коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың 40 қызметкері коронавирус жұқтырған

12.06.2020

Нұр-Сұлтандағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың 40 дәрігері коронавирус індетін жұқтырды. Қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева осылай деді. 

Вирусты жұқтырғандардың барлығында ауру еш симптомсыз өтіп жатыр. Дәрігерлер үй карантиніне алынған. Жалпы, қалада санитарлық талаптардың сақталмауынан эпидемиологиялық жағдай тұрақтанбай тұр.

Жанна Пірәлиева эпидемиологиялық ахуалды бағалай отырып, коронавирустың одан әрі таралуына жол бермес үшін карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға мәжбүр екенін айтты.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу