Елімізде 2 миллион қазақстандықтың жалақысы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 2 миллион қазақстандықтың жалақысы өсті

31.01.2019

Бұл туралы Премьер-мнистрдің орынбасары Ерболат Досаев Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндау барысында мәлімдеді. Ақпаратқа сай, Президент жариялаған бес бастама тыңғылықты жүзеге асырылып жатыр. «7-20-25» бағдарламасы бойынша бүгінде 43,7 миллиард теңгеге 3 600 несие берілген. Жалпы, 92 миллиард теңгеге өтініш түсіпті. Ал, осы жылдың алғашқы күнінен бастап жалақысы 63 мың теңгеден төмен жұмысшылардың салық жүктемесі 10 есеге төмендетілген. Нәтижесінде, 2 миллионнан астам азаматтың табысы өскен.

Ерболат Досаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасында айқындалған міндеттер әлеуметтік даму жағынан маңызды қолдау көрсетіп отыр. Сіздің 2018 жылғы 5 қазанда жарияланған Жолдауыңызға сәйкес, жаңа тәсілдерді іске асыру индикаторлар, мақсаттар, міндеттер қалыптастырылды. Осыны есепке ала отырып, 2018 жылы 2019 жылға арналған бағдарламада іске асыру жоспарлары бекітілді.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты. Жалпы, ішкі өнімнің өсімі жыл қорытындысы бойынша  4,1%. Бұл өсімнің 75%-ы шикізаттық емес секторлар есебінен қамтамасыз етілген. Инфляция 5,3%-ке дейін төмендесе, жұмыссыздық қауіпсіздік деңгейде 4,9% құрап отыр. Ал, эконмикадағы еңбек өнімділігі 2,9% болса, негізгі капиталдағы инвестициялық өсім 17,2%-ға жеткен. Оның 8,4 пайызы тікелей шетелден тартылған. Жыл басында Ұттық қордың активі 61,6 млрд. долларға жеткен.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу